Мектептегі практика кезінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Коучинг, тізбектелген сабақтар топтамасы, Lesson Study зерттеу сабағы, шеберлік класы,сауалнама алу, сұхбат, т.б. Жұмыстың шегі жоқ тәрізді. Тестке дайындалу керек, бірақ бірінен кейін бірі шыға беретін шексіз есептерден арыла алмайсың. Мен практика соңындағы өзіме-өзім жасап отырған рефлексиям бұл. Сіздер қалай ойлайсыздар?
Құрметті көшбасшы әріптесім! Осы "мектеп үшін" жүргізіліп жатқан іс- әрекет зерттеуіңіздің әр бір қадамы , тестке дайындық деп біліңіз, себебі әр зерттеу жұмысыңыз ол теориялық білімді қажет етеді. Теория жағынан қаруланғанан кейін практика жүзінде іске асыруға кірісесіз. Сәттілік тілеймін!!! Сіздің қолыңыздан бәрі келетініне еш күмәнім жоқ.
Гулжан мен сенімен толық келісемін, себебі біздің практикадағы жқмысымыздан басқа мектпетің де жұмыс бар.
Гүлжан, барымыздың басымызда сондай жағдай. Бір күн қалай басталып, қалай біткенін білмей қаламын. Уақыт жетпейді. Есептер жазу көп уақытыңды алады.
Гүлмира, Гүлшат, Айзат, пікір білдіргендеріңізге көп рахмет. Гүлмира әріптесім айтпақшы, практикадағы әр қадам теориямен байланысты. Шынымен де солай. Оған келісемін. Гүлмира, тестті қалай тапсырдыңдар? Тек жақсылықтар тілеймін. Айзат, Гүлшат, біздің жұмысымыз әлі алда ғой. Сондықтан өзімізге де сәттілік тілейік.
Гулжан, практика жақсы өтіп жатқаны сезіледі, бүгін №57 мектепте кездестік, есептерді қалай жазатынымыз туралы сұхбаттастық, әлі көптеген "алынбаған қамалдар" бар екн.
Иә,практика тым ауыр,жазатын есептер өте көп.Алайда тестке де дайындыққа уақыт табу керек.Шегінетін жол жоқ.
Гулжан,практика қиын екені рас дегенмен:"Төзуге мүмкін болмаған жағдайда да өмір сүре білу керек"-деген Н.Островскийдің сөзі бар.
Керемет сөздер! Осындай сөздерден кейін адамға тагы -тагы шабытта та энергияда келеді екен! Рахмет әріптестер! Еңбектенбей тапқан мал дәулет болмас!
Пікірлеріңізге рахмет, практика мен теорияны ұштастырудағы іс-тәжірибеміз сәтті болсын дегім келеді.
Әріптестер!Мен сіздермен толықтай келісемін,атқарылып жатқан да.атқарылатын да жұмыстарымыз әлі де болса жеткілікті.сондықтан барлықтарыңызға сабыр мен шыдамдылық,әрі сәттілік тілеймін.
Гүлжан, жұмысыңды біраз жобалап қалған шығарсың, сәттілік тілеимін, LS қорытындысын қандай түрде шығардыңдар?
Гүлнар, қалыңыз қалай? LS құжаттары бар: 3 сабақтағы мұғалімдердің бақылауы (LS нұсқаулығындағы кестеге толтырады), рефлексивті есеп, оқушымен сұхбат, жоспарлау кезіндегі фотолар мен бір сабақ видеосы бар.
Гүлжан! өте жақсы ой түйіпсің, менде әлі есеп жазылмай жатыр . Керекті ресурстарды жинап алып отырмын. Емтиханға сәттілік тілеймін.
Рахмет Жазира апай, 2 бетпе-бетте кездескенше.
Гүлжан, сіздің айтқаныңызбен толық келісемін. Шеті-шегі жоқ нағыз қағазбастылық. Елбасы қағазбастылықтан арылыңдар деген сайын үдеп барады. Келешекте де осылай жалғаса берсе, оқушымен жұмыс істеуге мүмкіндік болмай қала ма, кім білсін...
Гүлжан, көп жұмыс жасапсың. Бірақ, есептер жазылар, нұсқаулықты тура жаттап ал. Тестке даыйндыққа уақыт жетпей қалады екен...