Құрметті әріптестер, мектептерде І тоқсан аяқталды, барлық сыныптарда ата-аналар жиналысы өткізілетінін білесіздер. Мен осы ата-аналар жиналысын коучинг түрінде өткізуді ұйғардым. Ең алдымен ата-аналарды 3 топқа бөліп, топтарға "Оқушы моделін", "Мұғалім моделін" және "Заман талабына сай мектеп моделін" жасап, Постер құрғыздым. Осы тапсырмаларды әр топқа қорғаттым. Соңында рефлексия жасатып, өздерінің оқушылар мен мұғалімдер жөнінде, білім беру кезіндегі түсінбейтін мәселелер жөнінде жазып берулерін өтіндім. Менің бір байқағаным, ата-аналар да өздерінің шығармашылықтарын ортаға салып, біршама ойлы түсініктер бере алатыны, жақсы пікірлер ұсынатындығы. Ендеше біздің әрбір жұмысымыз, әр қадамымыз ХХІ ғасырға оқушыларды қалай дайындау керектігіне жауап беріп отыру керек деген ойдамын. Сіздердің пікірлеріңіз қандай, құрметті әріптестер?
Гүлжан бұл қоғамдық желіні дамытудағы үлкен ,тиімді жұмыс.КЕРЕМЕТ,сізден әрқашанда осындай креативті жаңашылдықты естіп,осы курсымыздың практика кезеңін нәтижелі өткізгеніңе сенімім мол.
Гүлжан, Жұмысыңа сәттілік тілеймін, әрине. Ата-аналармен осындай мазмұндағы жұмыстар жүргізілуі керек. Ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса ғана біздің білімде де, тәрбиеде де жетер жетістігіміз лайым жоғары болмақ.
Гүлжан, жарайсың! Сен жоспарды 150 пайыз орындап тастадың ғой деймін. Еңбегің жансын! Ата-аналарды жұмысқа тартудың бір жақсы формасы бұл, бәрімізге болашақта бұл жұмысты қолға алу керек болады
Пікірлеріңізге рахмет. Практикада біраз жұмыстар атқарылды. Теорияны практикамен ұштастыру арқылы осы жасаған жұмыстарымыздың нітижесін көрейік, құрметті әріптестер. Екінші бетпе-бетте кездескенше.
Гүлжан өте дұрыс істепсің , менде солай өткіздім , ойымыз бір жерден шығыпты. Сол коучинг арқылы өте сауатты ата -аналар бар екенін көріп қуанып қалдым . Жұмысыңа сәттілік тілеймін.
У нас в школе прошел коучинг. Считаю, что проведение такой сессии приносит большую пользу: узнала о формах работы с гипперактивными обучающимися, о применении 7 модулей в обучении.