kz ru en

Авторизация


Топтық жұмыс және сабақ барысында кездесетін қиындықтар

Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер. Мен тарих пән мұғалімі өз сабақтарымды топтық жұмыс түрлерін жиі пайдаланам оның тиімділігі сынып оқушылары өте жоғары қызығушылықпен сабаққа қатысады, бір-бірімен пікір алмасады . Оқушы тақырыптың мәнін өз бетімен меңгеруіне түсінуіне ықпал жасайды. Бірақ сонын барысында көптеген қиындықтарға тап боламын. Біріншіден уақыт жетіспеушілігі берілген тапсырмаға оқушылар көп уақыт жұмсайды. Әр топ өз жұмысын қорғауға  немесе қорытындылауға уақыт жетпей қалады.  Екіншіден бағалау. Топтық жұмыс барысында топ мүшелерінің белсенділігі әр түрлі оны анықтап білу қиындық туғызады. Белсенділігі төмен оқушы басқа оқушылар сияқты жоғары бағаға ие болғысы келеді. Осындай мәселел өз сабақтарыңызда кездесеме? 
8
21

Комментарии (8)

Абаева Кулшат,
Преподаватель

Ия, бәрімізде де сондай мәселелер баршылық! Дегенмен оқушыларға көп басқарушылықты бере беруге болмайды, дегенмен бәсекелестік ынтаны туғызады! сондықтан осы жолдан қайтпау керек!

Искакова Раушангуль,
Преподаватель

Кеш жарық әріптестер. Шынымен де оқушылар жаңа форматтағы сабақтарға қызыға қатысатыны сөзсіз,
дегенмен әріптесімнің айтып отырған кедергілеріне толықтай қосыламын. Бұл жұмысты жоғарғы сыныпта ұйымдастыруда осындай кедергілерге кездесіп отырсаңыз, бастауыш сыныпта осы айтылып отырған мәселе екі есе қиындық танытады. Қазіргі таңда оқушылар орта буынға өткенде топпен жұмыс істеуге қалыптасып, үйреніп барады. Сондықтан қиыншылықтар азайып, ендігі жұмысты уақыт үнемдей білуге үйретсек , регламент сақтай білуге дағдыландырсақ сіз бен біздің жұмысымыздың жемісін көреміз деген ойдамын.  

Кымбат Жалпакова,
Преподаватель

Салеметсіздер ме, құрметті әріптестер! Мен сіздерге толық қосыламын. Жаңа форматты жұмыстың ең алғаш кедергісі ол- уақыт тапшылығы. Дегенмен, бұл кедергіні де жеңуге болады. Табыс критерийлерін құрып,яғни регламент сақтап отырсақ және осы ережеге оқушыларды тәрбиелесек,бәріне де үлгереміз деп ойлаймын.Мен- бастауыш сынып мұғалімімін. Сабаққа әр тапсырмаға табыс критерийлерін құрамын.Мысалы талқылауға 2 мин,постер құруға 3 мин,постер қорғауға 3 мин. Уақыт аяқталған соң қоңырау соғамын. Балалар соған үйренген.Бәріне сәттілік тілеймін.!

Жаксыбаева Зауре,
Преподаватель

Иә,әріптестер топпен жұмыста біраз қиындықтарға кездесіп жатырмын.Барлығы бірдей ойымнан шықпаса да төзімділік,шыдамдылық керек деп ойлаймын.

Нургуль Кубиева,
Преподаватель

Мен де қазақ әдебиеті сабағында топтық жұмысты жиі пайдаланамын. Топтық жұмыс арқылы оқушыладың жеке ерекшеліктерін анықтауға болады және өзара сыйластық, қарым-қатынастың жоғары деңгейде болатындығын байқадым.  Уақытты тиімді қолдануға әлі де үйрене алмай жатырған сияқтымыз деп ойлаймын. Баршаңызға сәттілік.

Кымбат Жалпакова,
Преподаватель

Сәлем, егер сізге сабақта уақыт жетпесе, сіз стратегияларды үнемді пайдаланып жүрген жоксыз деп білемін. Әр сабаққа 2-3 стр. жеткілікті.Әр сабақта постер қорғаудың қажеті жок, мысалы қазақ тілінде  жаттығуларды әр оқушы жеке жазса ,талдау жұмыстарын ортақ, яғни топпен жасасын!

Таттимбетов Адиль,
Преподаватель

Сәлеметсизбе. әр сабаққа 3 стратегия көп, кейбир сынып деңгейі өте төмен олар тапсырманы созып жібереді сондықтан әр сынып деңгейіне қарай сабақ стратегиясын құру керек. Әр сабақта  мен оқушыларға постер қорғатсам менин тапқан жалақым тек постерлерге кетеди гой, әрине әр сабақ постер қолдану тимсиз, ол постерди толтырады одан кейін оны әр топ қорғайды ол өте көп уақыт алады Мысалы Дүние жүзі тарих пәнінен КСРО тақырыбы онда Ұжымдастыру, Индустриаландыру, Кіші қазан идеясы , т.б 5 күрделі жоспардан тұрады егер мен 5 топқа бөліп постер қорғатсам маған кем дегенде 2 сабақ керек брақ жоспар бойынша 1 сабақ. Бұл блокта менін айтқым келетіні кездесетін қиындықтар,  барлығының айтатыны тек тиімді жақтары 7 модуль бойынша. Сонда барлығы онай болғаныма еш қиындықтар кездеспегені ме.  Ал сіз айтыңызшы қаншалықты үнемді пайдаланып жүрсиз, бөлісінізші біз де біліп жүрейік., мүмкін қазақ тілі пәні бойынша қиыншылықтар жоқ шығар бірақ тарих сөз сабағы оқушылар білімдерін тек диалог арқылы жеткізе алады, сөйлейм айтам деген оқушыға шектеу қоя алмаймыз. Егер қателессем кешірерсіз. Жауабын жазар деп үміттенемін.  Рахмет

Бейскакова Лаззат,
Преподаватель

Сәлеметсіздерме құрметті әріптестер. Мен қазақ тілі мен әдебиет пән мұғалімімін өз сабақтарымды топтық жұмыс түрлерін пайдаланамын сынып оқушылары қызығушылықпен орындайды.Кейде уақыттың жетпуеуі,себебі оқушылар уақытты көп уақыт жұмсағандықтан шығар.