kz ru en

Авторизация


«Жаңа мазмұнды оқуға» көшудің сатылы жұмысы Нұра ауданында жандануда...

 

         Елбасының «Әлеуметтік экономикалық жаңғырту» ­- Білім беру мазмұнының модернизациялау жағдайында Елбасынынң қойған тапсырмаларының бірі  - оқыту үрдісіне заманауи әдіс – тәсілдерін енгізу, соның ішінде  Назарбаев Университетімен зияткерлік мектептердің тәжірибесін енгізу  болып табылады. Мұғалімдер құрамының сапасын арттырып, білімдерін күшейту, мектеп мұғалімдері мен жоғары оқу орындары оқытушыларының білімділігін арттыруға қатаң талап қойылып отыр.

          Баршамыздың  ерекше ден көңіл бөліп отырған мәселе білім саласында еңбек етіп жүрген қауымның ойынан тыс қалмады. Елбасы қойған талаптарды жүзеге асыру мақсатында шалғайда орналасқан Теңіз өңірі ұстаздарды жаңашыл бастамаға хабардар етуге атттанған болатынбыз. Аудандық БББ бөлімінің әдістемелік кабинетінің меңгерушісі Такишев Дархан Жанболатович бастауымен аудан бойынша барша мектепте  тәжірибе алмасу, шеберлік сыныптар көрсету сияқты қомақты жұмыстар былтыр 2013- 2014 оқу жылынан бастап жанданып, бүгінгі күні өз жұмысын нақты бір мақсаттағы  өз деңгейінде жүргізіліп жатыр.  Сондықтан, осындай игі істердің бастамасын  Теңіз  өңірінде жалғастырып деңгей курстарын өткен әріптестерімізбен, біліктілікті арттырудағы басты мақсат жаңа инновациялық техгологияларды жаңа әдіс – тәсілдерді пайдалану қабілетін дамыту ғана емес, олардың жаңа әдістерді өзі таба алатын жаңғыртулар мен даму тенденцияларына  сай өзінің кәсіби қызметіне рефлексивті өзгерістер енгізе алатын кәсіби құзыреттіліктің артуына зор назар аудару мақсатында бастамашыл жұмыстар жасадық. «Әлеммен бірге бізде қарқынды дамуымыз керек» деген ұранмен Баршын ОМ мұғалімдері мен осы мектепке жақын орналақан  басқа да мектептердің ұстаздарына әлемдегі өзгерістер туралы, осы өзгеріске икемдене білу керек екенің, Қазақстан білімінің халықаралық деңгейге ұмтылу керек екенін, кадрлар даярлау тәжірибенің озық тұстарын қабылдап әлемдік  білім парадтиграмасына ену міндетін талаптары түісіндірілді. Біздің де осындай әлемдік өзгерістердің болуына ықпалымызды тигізіп, білім беруді модернизациялау жағдайында оқу – тәрбие үдірісі  әлемдік стандартқа сай болу үшін осындай іс– шаралар өткіздік.      Біліктілікті арттырудың аймақтық ерекшеліктерін таныту және тәжірибе тарату мақсатында мұғалімдермен  коучинг -сессиялар өткізілді. Бұл іс-сапардың басты мақсаты-біліктілікті арттыру өңірлік ерекшеліктерін айқындап, педагогикалық идеяларды жүзеге асыру бойынша мектепаралық тәжірибе алмасу еді.

Семинар түрінде 2 күнге ұласқан  нақты іс–шаралар  ең алдымен Нұра ауданының барлық  Алғашқы Әскери Дайындық мұғалімдерінің дайындаған ашық шеберлік сабақтарын көруден басталды. Жаңа әдіс–тәсілдерді қолдануда Теңіз  өңірінің АӘД мұғалімдерітүрлі тақырыптарда ашық сабақтар өткізді.

Бұл сабақтардың рефлексивті есебі жасалып, мұғалімдердің сабақ жүргізуі әдістеріне баға берілуі. Семинардың 1,2 күндерінде Теңіз өңірі ұстаздары шеберлік – сыныптарын өткізді. Әр сабақтың өткізілу барысы әр түрлі болып, мұғалімдердің көпшілігі бүгінгі таңда таратылып жатқан жаңашыл оқыту технологиясын  хабардар екенін көрсетті. Сабақ берудің әдісін түрлендіруде, көптеген инновациялық технологияларды оның ішінде АКТ- ны қолдануда артта қалмағаны айдан анық көрінді. Әрбір сабаққа қатысушы ұстаздарды білімі мен біліктілін арттырып өз үлгілерін нақты  бір деңгейде орындап өз сорпаларында қайнамай тәжірибені алмасқаны жаңа технологиялық   нысандар мен әдістерін енгізгені  оқыту мен тәрбиелену  біртұтастығын көздегендері көрінді. Сол күні түстен кейін Нұра ауданы Киров ОМ I деңгей, II деңгей  өткен мұғалімдері оқыту үдерісіне заманауи тәсілдерді енгізудің тәжірибелерін көрсетті, яғни бұл коучинг түрінде өтті. «Коучинг» сөзі ағылшыннан аударғанда- «тәжірибе алмасу» дегенді білдіреді.

Осы өңірдің   мұғалімдері 2 топқа бөлініп жаңашыл оқытудың түрлі модульдерімен танысып, оның ішінде «Сын тұрғысынан ойлау» модулінің көптеген түрімен танысып, жұмыс жасалды. Елбасы Н.Ә Назарбаев  «Қазақстан -2050» жолдауында айтқандай: «Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылады», сондықтан мұғалімдер бұл коучингке өте қызыға қатысып, жаңалықтармен танысып, жаңашыл оқытуға ұмтылғандары осындай әдіс – тәсілдер  әсірессе,  жас мамандарға тың бастама болғаны белгілі болды. Мұғалім де өмір бойы оқушы емес пе, сондықтан оларға үздіксіз білімін толықтыруы жөн. Ендеше, еліміздің білім беру жүйесінде жүргізіліп жатқан реформалар әрбір ұстазға «бүгін мен ертеңі» жайлы толғандырып, жаңа идеялармен қаруланып, оларды іс – әрекетке айналдырады деген ойдамын.

Ендеше, құрметті әріптестер, ұстаз –білімін шыңға шақыратын – тәлім тәрбиеге баулитын тұлға. Біз жас жеткіншектердің ұтқыр қиялы,ойын дәл ұғып, дүниетанымын  дамытуымыз керек.

Осындай сенім мен жауапкершілікті терең түсініп, өскелең өмір талабына жауап бере алатын өз ісіміздің шебері болатын келешек ұрпақтың білімімен тәрбиесі халықаралық деңгейдің талабына сай болу үшін, өзгеруіміз қажетемес пе? Жаңашыл бастамалардан  қалып қоймай заманауи әдіс-тәсілдерден хабардар болып, өмірлік білім беруді өзгертейік!

                                                                                                                                                                            Нұра ауданының

деңгей курсынан өткен мұғалімдердің

координаторы Абаева К.М Киров ОМ

0
8

Комментарии (0)