Контактная информация
Адрес: г.Астана, пр.Победы 81
Телефон: Не указан
Факс: Не указан
Е-mail: Не указан
Web-site:
Описание
Оқу барысы Қазақстан Республикасының мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарының, үлгі оқу жоспарлары мен бағдарламаларының негізінде өтеді.
2011 жылы мемлекеттік аттестациядан өтті.
Мамандарды дайындау мемлекеттік және орыс тілдерінде негізгі жалпы және орта жалпы білім беру базасында күндізгі оқу формасы бойынша өтеді.
Қазіргі таңда колледжде екі мыңнан астам адам білім алуда.
Педагогикалық құрамы:
Колледж әрқашан ізденіс жұмыстарымен айналысатын және интерактивтік, инновациялық технологияларды, оқыту әдістері мен құралдарын оқу процесіне енгізетін, кәсіптік бағдарды соңғы нәтижемен қамтамасыз ететін жоғары білікті медициналық және педагогикалық кадрлармен жасақталған.
Материалды-техникалық базасы:
Колледждің жеке тұрған екі ғимарат түріндегі материалды-техникалық базасы бар, жалпы көлемі 1860 м2.Колледжде Интернет пен жергілікті желісі бар компьютерлік сыныптар жұмыс жасайды, интерактивтік тақта және басқа техникалық оқыту құралдары бар. Хирургия, терапия, ішкі аурулар пропедевтикасы, мейірбике ісі негіздері, фармакология, фармацевтикалық химия, дәрілік түрлер технологиясы және т.б. оқу кабинеттері құрылған. Кабинеттердің бәрі қазіргі медициналық тренажерлармен, медициналық құралдармен, аппаратуралармен, фармацевтикалық құрал-жабдықтармен, науқастарды күту құралдарымен жабдықталған.
Жатақхананың болуы:
Жатақханасы жоқ.
Колледж жетістіктері:
ҚР СТ ИСО 9001-2009 талаптарына сәйкес Сапа менеджментінің жүйесі сәтті іске асырылуда.
Дуальді оқыту элементтері енгізілген, сонымен қатар барлық клиникалық пәндер бойынша симуляциялық оқыту жүзеге асырылуда.
Астана қаласының емдеу-сауықтыру мекемелерімен әлеуметтік серіктестік жоғары деңгейде ұйымдастырылған. Колледж студенттері өндірістік тәжірибені АҚ «Орталық жол ауруханасы», № 5 қалалық емханада, № 1 перинаталдық орталықта, Жедел медициналық жәрдем станциясында,Ұлттық ғылыми медициналық орталықта, «гиппократ» дәріханалар желісінде және т.б. өтеді
Колледжде оқу материалдарын қабылдаудың жоғары сапасын амтамасыз ететін Бірыңғай әдістемелік жүйе құрылған және іске асырылуда.
Тәрбие жұмысы қазақстандық патриотизмді, когнитивті және жан-жақты мәдениетті тұлғаны қалыптастыруға бағытталған.
Мамандықтар туралы ақпараттар: :
Бейін: 0300000 – Медицина, фармацевтика
Мамандық: 0301000 «Емдеу ісі»
Біліктілік: 0301013 «Фельдшер», 0301023 «Акушер(ка)»
Мем.тапсырыс жоқ
Жұмыспен қамту – 88 %
Бейін: 0300000 – Медицина, фармацевтика
Мамандық: 0302000 «Мейірбике ісі»
Біліктілік:0302033 «Жалпы практика мейірбикесі»
Мем.тапсырыс бар
Жұмыспен қамту – 92 %
Бейін: 0300000 – Медицина, фармацевтика
Мамандық: 0302000 «Мейірбике ісі»
Біліктілік: 0302011 «Күтім жасау бойынша кіші мейірбике» Мем.тапсырыс бар Жұмыспен қамту – 92 %
Бейін: 0300000 – Медицина, фармацевтика
Мамандық: 0306000 «Фармация»
Біліктілік: 0306013 «Фармацевт»
Мем.тапсырыс: жоқ
Жұмыспен қамту – 98 %
Оқуға түсу үшін қажетті құжаттар:
- Білім туралы құжаттың түпнұсқасы (аттестат, куәлік, диплом) және көшірмесі;
- ҰБТ сертификаты;
- Медициналықанықтама (форма 086-у) флюросуретінің қосымшасымен;
- Жеке куәлігінің көшірмесі немесе туу туралы куәлік – 2 дана;
- 3*4 фотосуреті – 4 дана.
Қабылдау комиссиясының байланыс телефоны: 8 (7172) 381846
факс: 8 (7172) 381846
e-mail: danalyk_98@mail.ru