kz ru en

Авторизация


Выбор профессии


Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі",NULL


Контактная информация

Адрес: Карагандинская обл., г.Балхаш, ул. Караменде би д. 17
Телефон: 7103666464
Факс: 7103645982
Е-mail: bgtk@bk.ru
Web-site: bgtk.kz

Описание

Әлихан Мусин атындағы Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі

1941 жылы 5 желтоқсанда КСРО-ның Халық комиссариатының түрлі-түсті металлургиясы негізінде Балқаш түрлі-түсті металды өндіру техникумы болып ашылды. Кейін Балқаш кен металлургия техникумы болып өзгертіледі. Қазақстан Республикасы өкіметінің 1997 жылғы 8 мамырындағы № 814 Қаулысы негізінде жоғарғы және орта оқу орындарының білім беру жүйесі бойынша Балқаш политехникалық колледжі мен Балқаш педагогикалық колледж біріктіріліп – Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжі болып қайта құрылды. Қазақстан Республикасы өкіметінің 2005 жылдың 3 наурызындағы № 200 Қаулысына сәйкес Балқаш гуманитарлы-техникалық колледжіне академик, техника ғылымдарының докторы, профессор Әлихан Мусин аты берілді.

Колледжде жоғары деңгейдегі тұрақты оқытушылар ұжымы жұмыс істейді.  Біліктілігі жоғары және бірінші деңгейдегі оқытушылардың саны 56% құрайды. Колледже 1 тарих ғылымының кандидаты, екі Қазақстан Республикасының білім үздігі жұмыс атқарады.

Екі оқу ғимараты және жақсы жабдықталған жатақхана бар. Заманауи ақпараттық –коммуникативті технологияларды белсенді қолдану үшін интернетке, Wi-Fi-ға қосылған 176 компьютер бар.

Жетістіктер

Колледж оқытушылары облыстық, республикалық, халықаралық семинарларға, кәсіптік байқаулар мен ғылыми-тәжірбиелік конференцияларға белсене қатысады. Олардың студенттері әртүрлі деңгейдегі ғылыми-теориялық және тәжірбиелік конференцияларда ғылыми жобаларын қорғап, жүлделі орындарға ие болуда. Студенттер мен түлектер арасында баскетболдан Қазақстанның бірнеше дүркін чемпионы және баскетбол, үстел теннисі, еркін күрес пен бокс жарыстарынан республикалық және облыстық жүлдегерлері бар.

Мамандықтар туралы ақпарат

Оқыту мемлекеттік тапсырыс және ақылы негізінде келесі мамандықтар бойынша жүргізіледі:

0902000 «Электрмен қамтамасыз ету»

Біліктілігі: 0902043 - Техник-электрик

1108000 «Темір жол жылжымалы құрамдарын пайдалану және техникалық қызмет көрсету»

Мемлекеттік тапсырыс: 20 орын (орыс тілі)

Біліктілігі: 1108203 - Электромеханик

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 38%.

1203000 «Теміржол көлігімен тасымалдауды ұйымдастыру және басқару»

Мемлекеттік тапсырыс: 10 орын (орыс тілі), 5 орын (қазақ тілі)

Біліктілігі:1203053 - Техник

1304000 «Электрондық есептеу техникасы және  бағдарламалық қамтамасыздандыру»

Мемлекеттік тапсырыс: 10 орын (қазақ тілі)

Біліктілігі: 1304043 - Техник-бағдарламашы

1013000 «Механоөңдеу, өлшеуіш- бақылау приборлары және машина жасау автоматикасы»

Мемлекеттік тапсырыс:20 орын (қазақ тілі)

Біліктілігі: 1013073 - Техник-механик

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 56%.

0911000 «Электромеханикалық құралдарды техникалық пайдалану, қызмет көрсету және жөндеу электр»

Мемлекеттік тапсырыс: 20 орын (қазақ тілі)

Біліктілігі: 0911013 - Электромеханик

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 45%.

0907000 «Техникалық жылу жабдықтары және жылумен жабдықтау жүйелері» (түрлері бойынша)

Мемлекеттік тапсырыс: 20 орын (қазақ тілі)

Біліктілігі: 0907033 – Техниктеплотехник

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 39%.

1305000 «Ақпараттық жүйелер»  (қолдану саласы бойынша)

Біліктілігі: 1305013 - Техник-бағдарламашы

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 47%.

0515000 «Менеджмент» (салалар және қолдану аясы бойынша)

Біліктілігі: 0515013 - Менеджер

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 47%.

0107000 «Технология»

(мамандандыру: «Бейнелеу өнерін оқыту», «Киім дизайнері»

Мемлекеттік тапсырыс: 20 орын (қазақ тілі)

Біліктілігі: 0107013 - Технология пәнінің негізгі білім беру мұғалімі

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 50%.

0103000 «Дене тәрбиесі және спорт»

Біліктілігі: 0103023 - Дене тәрбиесі және спорт пәнінің мұғалімі

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 61%.

0108000 «Музыкалық білім беру»

Мемлекеттік тапсырыс:10 орын (орыс тілі)

Біліктілігі: 0108013 - Музыка пәнінің мектепке дейінгі ұжымдардағы және негізгі орта білім беру мұғалімі

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 39%.

0105000 «Бастауыш білім беру»

Мемлекеттік тапсырыс: 20 орын (қазақ тілі), 20 орын (орыс тілі)

Біліктіліктер:

0105013 Бастауыш білім беру мұғалімі

0105023 Информатика пәнінен бастауыш білім беру мұғалімі

0105033 Шетел тілінен бастауыш білім беру мұғалімі

Бұл мамандық бойынша жұмысқа орналасудың орташа көрсеткіші 67%.

0101000 «Мектепке дейінгі білім беру және тәрбиелеу»

Мемлекеттік тапсырыс: 20 орын (қазақ тілі)

Біліктілігі: 0101013 - Мектепке дейінгі ұжымдардың тәрбиешісі

0518000 «Есеп және аудит» (салалар бойынша)

Біліктіліктер:

0518023 - Бухгалтер-ревизор (аудитор)

0518033 – Экономист-бухгалтер 

Мекен-жайы
:

Қазақстан Республикасы, Балқаш қаласы, Қараменде би көшесі, 17 үй

Қабылдау бөлімі: +7 (71036) 4-59-82,

Факс: +7 (71036) 4-59-82
Email: bgtk@bk.ru

Колледж сайты: www.bgtk.kz