«БЛУМ
ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ» ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫНЫҢ ЖОСПАРЫ
Тақырыбы: |
«Блум таксономиясы бойынша оқушы жетістігін бағалау» |
Мақсаты: |
Мектеп мұғалімдері Блум таксономиясы негізінде құрылған
деңгейлік тапсырмаларды құрастыруды және формативті бағалауды үйренеді, шығармашылық қабілеттерін арттыруға бағыттайды. |
Міндеттері:
|
Блум таксономиясы бойынша теориялық мәліметтермен
танысу, топтық
жұмыс жасау арқылы бағалау түрлерімен танысу, бірлескен жұмыс жасау, бір-бірін бағалау. |
Күтілетін нәтиже: |
Мұғалім
сабақ жоспарларына өзгерістер енгізді, топтық жұмысты ұйымдастыруды
қарастырды, бағалау түрлерімен танысып, қалай бағалау керектігін үйренеді.
Топтарды
қалай ұйымдастыруды,топтарға бөлу стратегияларын үйренеді,өзара ынтымақтастық
қарым-қатынас қалыптастырады. |
Мақсатты аудитория: |
І, ІІ және ІІІ деңгей мұғалімдері, жас мамандар, ҚарМУ
химия және математика факультеттерінің IV
курс студенттері |
Әдістер мен тәсілдер: |
Баяндау
әдісі, түсіндіру, сұрақ-жауап. Қосымша материалдармен жұмыс әдісі. Жаттығу
әдісі. |
Қор: |
1.Сайт
www.profile-edu.ru/metodika 2.Сайт
www.uraledu:Проектирование целей процесса обучения. «Блум таксономиясы бойынша оқушы жетістігін бағалау» әдістемелік
құралы (авторы: методист-тьютор Жунусова М.Р.) |
Қосымша әдебиеттер: |
1.ШамоваТ.И.,
БеловаС.Н., ИльинаИ.В., ПодчалимоваГ.Н., ХудинА.Н. Современные средства
оценивания результатов обучения в школе:Учебное пособие.-М: Педагогическое
общество России. 2007.-192с. 2.Шакиров
Р. Х., Буркитова А.А. Дудкина О.И. Оценивание учебных достижений учащихся.
Методическое руководство.- «Билим», 2012. – 80
с. 3.Халперн
Д. Психология критического мышления. — СПб.: Изд-во «Питер», 2000. — 512 с.:
ил. — (Серия «Мастера психологии»). |
«БЛУМ
ТАКСОНОМИЯСЫ БОЙЫНША ОҚУШЫ ЖЕТІСТІГІН БАҒАЛАУ» ШЕБЕРЛІК СЫНЫБЫНЫҢ БАРЫСЫ
Жұмыстың кезеңдері |
Кезеңнің мазмұны |
Қатысушылардың қызметі |
1. Шеберлік сыныбына қатысушыларды топқа бөлу. |
1. Қатысушыларды түрлі-түсті шарлармен бөлу ұсынылады. |
1. Қатысушыларға
түрлі-түсті шарлар көмегіме топтарға бөлінеді. |
2. Блум таксономиясы бойынша 6 деңгейлі құрылыммен
таныса отырып, оқушы әрекетін құрылымдау. |
2. Қатысушыларға Блум таксономиясы бойынша теориялық
материалдар мен таныстырылым ұсынылады. |
2. Қатысушыларға
Блум таксономиясы бойынша 6 деңгейлі құрылымының теориялық мәліметі
беріледі, танысады. |
3. Қатысушыларға тапсырма үлестіру. |
3. Мұғалімдер оқушылардың әрекетін өз сөздерімен
қарастыру ұсынылады. |
3. Қатысушылар оқушы әрекетін өздерінің түсініктерімен оқушылардың
білу, түсіну, қолдану, талдау, топтау, бағалау бойынша әрекеттеріне сәйкес
құрылымдайды. |
4. Таныстырылым ұсыну. |
4. Мұғалімдер таныстырылым арқылы өздерінің құрған
тапсырмаларымен салыстырады. |
4. Ұсынылған таныстырылым арқылы толықтырады,
жинақтайды. |
5. Тапсырмаларды формативті бағалау түрі бойынша жұмыс
жасату. |
5. «Шеңбер» стратегиясы: 12 балдық жүйе бойынша Блум таксономиясының 6 деңгейлі
құрылымын өз бетімен бағалау, жұппен бағалау және топпен бағалау ұсынылады. |
5. Әр мұғалім Блум таксономиясының 6 деңгейлі құрылымын
жеке, жұппен және топпен бағалайды. |
6. Таныстырылым арқылы нақты бағалау ұсыну. |
6. Қатысушыларға таныстырылым арқылы нақты бағалау
ұсынылады. |
6. Формативті бағалау бойынша Блум таксономиясының 6
деңгейін балл арқылы құрылымдайды. |
7. Рефлексия. |
7. Рефлексияның 3 активатор: Не білдім? Мені
таңқалдырды. Ұсыныс. |
7. Мұғалімдер шеберлік сабағынан алған әсерлерін, алған
мәліметтерін жинақтау мақсатында кері байланыс жасайды және өздерінің
пікірлері мен ұсыныстарын айтады. |