Коучинг тақырыбы: Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі
Мерзімі: 22.01.15
Өткізгендер: Жашкеева
Назиха Елубаевна, Жумагулова Кулжан Сахановна
Коучинг тақырыбы: |
Блум таксономиясын сабақта қолдану тиімділігі |
Коучинг мақсаты: |
Оқушының өз ойларын дәйектеп, сын тұрғысынан ойлауға
үйрету үщін Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар берудің қажеттігін зерделеу. |
Сілтеме: |
МАН, 41-бет,үлестірмелі материалдар. С.Мирсеитова «Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту
ретінде» |
Коучинг нәтижесі: |
Блум
таксономиясы бойынша дұрыс құрылған тапсырмалар беру ойлау қабілетіне әсер
етеді |
Түйінді идея: |
Сыни ойлау оқушының ой дербестігін, белсенділігін дамытады,
ойын дәйектеуге үйретеді. |
Сабақ ресурстары: |
Плакат, стикер, маркер, «Блум таксономиясын» сипаттайтын слайд, А4 қағазы |
Оқыту әдісі: |
Топтық жұмыс, диалогтік оқыту |
Орындалатын тапсырмалар: |
«Көңілді күн» сергіту сәті, фильм бойынша сұрақ
дайындауға постер құру. |
Коучинг сабақ мазмұны
Жұмыс кезеңдері |
Коуч әрекеті |
Мұғалімдер әрекеті |
1.Жағымды психологиялық ахуал туғызу 5 минут |
«Табиғаттың тамашасы» тренингін ұйымдастырады. Түрлі-түсті шарлар арқылы
мұғалімдерді 3-4 топқа бөледі. |
Мұғалімдер ортаға шығады, шеңбер жасайды және күзгі ауа райын бейнелеу арқылы арқаларына массаж жасайды. Үш-төрт топқа
бөлінеді. |
2. Миға шабуыл 10 минут |
«Менің атым
Қожа» фильмін еске түсіру үшін мұғалімдерге үзінді көрсетіледі де, 3 сұрақ
құруға тапсырма береді. |
Мұғалімдер топтасып,фильм оқиғасын еске түсіргеннен
кейін, постердің бірінші бөлігіне фильм оқиғасына сәйкес сұрақтарын жазады. |
3. Теориялық
кезең «Блум таксономиясы» стратегиясымен таныстыру және осы
стратегия бойынша жұмыс ұйымдастыру 20 минут |
Мұғалімдерге таныстырылым көрсетеді және Блум таксономиясына
негіздеп сұрақ құрастыру үшін қажетті
етістіктер ұсынады. Тапсырма: 1. Фильм оқиғасы бойынша Блумның ойлау деңгейлеріне
сәйкес сұрақтар шығаруларыңызды сұраймын. 2. Өз құрастырған сұрақтарыңызбен салыстырыңыздар. 3. Сұрақтарыңыздың сәтті
шыққан, сәтсіз шыққан жерлерін топпен талдаңыздар. Себебін анықтаңыздар.
Қандай қиындықтар туындады? Өздері дайындаған сұрақтардың
сәтті,сәтсіз шыққанын бағалау үшін үш түспен бояу тапсырылады. Блум таксономиясына сәйкес, аталған барлық
деңгейлер сын тұрғысынан ойлау үшін
қажет деп қаралады. Білімді сын тұрғысынан қолдану, талдау, жинақтау және/немесе бағалау алдында оны жинап, ұғынып алу керек. Блумның
жіктеуінде сын тұрғысынан ойлау «бағалау» деген атпен ойлаудың алты дағдысының
ең жоғарғысы болып табылады. |
Блум теориясымен және сұрақтарын құрумен танысқаннан
кейін, екінші бөлігіне Блум бойынша қайтадан сұрақтар әзірлейді. Стикерлер арқылы өздері дайындаған сұрақтарына өздері
баға береді және тақтаға шығып,сұрақтар неліктен үш түске бөлінгенін
түсіндіреді (сәтті шыққан сұрақтар) «Блум таксономиясы» стратегиясы жайлы мәлімет алады.
Сын тұрғысынан ойлаудың ойлантудағы маңызымен және ойлаудың алты құралымен
танысады. |
Кері байланыс
10 минут |
Мұғалімдерге кері байланыс жасату үшін сұрақ қойылады. Сіз үшін оқушылар ішіндегі Қожа кім? Неліктен олай
ойлайсыз? «Блум таксономиясы» бойынша жұмысты ұйымдастырғанда
неге қол жеткізуге болатыны жөнінде мұғалімдермен ой бөлісу жүргізіледі. Блум бойынша сұрақ құрастыру тапсырмасын бергенде
қиындық болды ма? Не себепті деп
ойлайсыз? Бүгінгі тапсырма сізге ойлануға мүмкіндік туғызды ма? Жұмыс барысында арларыңызда керағар пікірлер болды
ма,егер болса, оны қалыпты мәселе деп
ойлайсыз ба? |
Әр топ өз пікірін айтады. |
Рефлексия 5 минут |
Сабақтан алған әсерлерін, ұсыныстарын жазуға «Ауа райы» парақшасын таратады. |
Әр топ коучинг туралы ойларын, сезімдерін жазады. |