Пән: химия
Химия пәні мұғалімі: К.С. Жумагулова
Сынып: 10 (41-топ)
Өткізілетін уақыты: 17.02.2015 ж.
Сабақтың тақырыбы: «Судың кермектілігіжәне оны жою әдістері»
Сабақтың типі: практикалық жұмыс сабағы (зерттеушілік).
Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, практикалық жұмыс.
Оқыту әдістері:
· Өтілген теориялықматериалды практикамен ұштастыру мақсатында реактивтерді
қолдана отырып, эксперимент жүргізу арқылыөзіндік жұмысты орындауы;
· Судың құрамы,тазарту әдістері жөнінде ерекшеліктерінің сипаттамалары;
· Құзыреттіліккебағытталған, өмірмен байланысты химиялық есептер шығару.
Қолданылған технологиялар: ақпараттық-коммуникативтік,құзыреттілік-бағытталған, сын тұрғысынан дамыту технологиясы.
Мақсаты: Оқушыларға судыңкермектілігі жөнінде білімнің өмірде маңыздылығын түсінуге жағдай жасау.
Міндеттері:
Білімділік – судың кермектілігі және оныжою әдістері жөнінде түсінік қалыптастыру негізінде білімдерін бекіту.
Дамытушылық – оқушылардың танымдыққызығушылығы мен зияткерлік қабілетін дамыту, практикалық жұмысты орындаукезіндегі зерттеушілік қабілеттерін қалыптастыру: өмірлік қажеттіліккебайланысты өз бетімен білім алуға, алған білімдерін жинақтап, практикалықжұмыстар арқылы қорытынды жасауға бағыттау.
Тәрбиелік – әр адамның денсаулығына дегенжанашырлық, жауапкершілік таныту.
Оқытудың әдістемелік өлшемі: миға шабуыл (проблеманы анықтау, мақсатты қою)
Күтілетін нәтижелер:
Пәндік құзыреттілік: теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындауда қолдана білу және алынған нәтижелерді негіздей отырып,ұсынылған ақпараттардан судың кермектілігі тақырыбын түрлі жолдармен тазартужөнінде мәліметтер табу.
Басқарушылық құзыреттілігі: проблемалықсұрақтарды шеше білу, құзыреттілікке бағытталған тапсырмалардың деңгейіне қарайсаналы таңдау жасай білу.
Жеке құзыреттілік: өз қабілеттері менмүмкіндіктерін баламалы түрде бағалай алу, алған білімдерін одан әрі білім алужолына қолдану мақсатында ішкі мотивациясын қалыптастыра алу, болашақта өзорнын табуға және одан әрі білімдерінің шыңдалу қажеттілігін түсіну.
Ақпараттық құзыреттілік: қосымша ақпараткөздерімен жұмыс жасай білу, өз бетіменізденуге, қажетті ақпараттарды сараптау және таңдай алу.
Коммуникативтік құзыреттілік: топта жұмысжасай білу, басқа оқушылармен қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықта бірлесеотырып, көздеген мақсатқа жету, қойылған міндеттерге ортақ шешім табу, орындыәрі дұрыс сұрақ қоя білу, шағын зертеушілік жұмыстар реттілігін ұсыну және онықорғай білу.
Әлеуметтік құзыреттілік: қажетті ақпаратты ала алу, басқа балалардан ойбөлісуі, интернет көзімен жұмыс жасай алу.
Сабақтың дидактикалық қамтамасыз ету құралдары:
Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта,таныстырылым, оқушыларға планшет, қосымша әдебиеттер, халат, бағалау парақтары.
Химиялық ыдыстар мен реактивтер: сынауықтар, штатив, сүзгі, фильтр қағазы, шыны тақшалар, колбалар,спиртшам, судың түрлері мен сабын ерітіндісі, Na2CO3, СаCl2,MgSO4, Ca(HCO3)2, минералды су түрлері.
Сабақтың тақырыбына сәйкес таратпа материалдар: бағалау парағы, ҚБТ тапсырмалар.