Қазіргі заман талабына сай, әр мұғалім, өз білімін жетілдіріп, ескі бірсарынды сабақтардан гөрі, жаңа талапқа сай инновациялық технологияларды өз сабақтарында күнделікті пайдаланса, сабақ тартымды да, мәнді, қонымды, тиімді болары сөзсіз. Бұл жөнінде Қазақстан Республикасы «Білім туралы» Заңының 8-бабында «Білім беру жүйесінің басты міндеттерінің бірі – оқытудың жаңа технологияларын енгізу, білім беруді ақпараттандыру, халықаралық ғаламдық коммуникациялық желілерге шығу» деп атап көрсеткен. Елбасымыз Н.Ә. Назарбаев жолдауында айқандай: «Болашақта өркениетті дамыған елдердің қатарына ену үшін заман талабына сай білім қажет. Қазақстанды дамыған 50 елдің қатарына жеткізетін, терезесін тең ететін – білім».
Оқушылардың оқу жетістіктерін бағалауда критериалды бағалау жүйесінің орны ерекше. Критериалды бағалау жүйесі оқушы мен мұғалім арасындағы байланысты орнатып, оқу үдерісі барысында оқушының оқуға деген уәжін оятып, өз жіберген қателіктері мен жеткен жетістіктерін дамытатын құрал болып табылады.
Бағалау критерийлері – оқытудың мақсатын және ара қатынасын белгілеуге сәйкес белгі. Дескрипторлар – жетістік деңгейінің сипаттамасы. Критериалды бағалау жүйесінің ең басты функциясы - оқушының білімін объективті бағалауға мүмкіндік береді.Критериалды бағалауды түсіну мақсатында, өз тәжірибемде қолданып жүрген 10 сынып бойынша сабақтағы критериалды бағалау парақшасын ұсынамын.
Сабақ бойынша білімді критериалды бағалау парағы
Сыныбы_______ Оқушының аты-жөні_____________
р/с
Тапсырма-лар
Критерий-лер
дескрипторлар
ұпай-лар
Тапсырма-лар ұпайы
1
Формула-лар
Туынды табу ережелері
Туынды табу ережелерін білмеймін
0
«Білім қабырғасының» 1/3 бөлін толтырдым
1
«Білім қабырғасының» 2/3 бөлін толтырдым
2
«Білім қабырғасын» толық толтырдым
3
2
Үй тапсырмасы
№447 есеп
Критерий орындалған жоқ
0
Формуланы дұрыс қолдандым
1
Формуланы дұрыс қолдандым және ықшамдадым
2
Формуланы дұрыс қолдандым, ықшамдадым және дұрыс жауабын алдым
3
№492есеп
Критерий орындалған жоқ
0
f /(х0) дұрыс таптым
1
f /(х0) және f (х0) дұрыс таптым
2
Жанама теңдеуініне қойып ықшамдап, дұрыс жауап алдым
3
3
Жаңа материал-мен танысу
Тақырыпты түсіну
Критерий орындалған жоқ
0
Топтық талқылауда түсіндім
1
Жұптық талқылауды түсіндім
2
Өзіндік талдауда түсіндім
3
4
Жаңа материалды пысықтау
Есептер шығару
Критерий орындалған жоқ
0
Формуланы дұрыс қолдандым және ықшамдадым
1
Формуланы дұрыс қолдандым, ықшамдадым және дұрыс жауабын алдым
2
5
Ситуация-лық талдау
Топтағы жұмыс
Топтық жұмыста үлесім болған жоқ
0
Үлесім жартылай болды
1
Талдау мен үшін түсінікті болды
2
Барлық ұпай
Бағасы
Ұпайды бағаға ауыстыру: «5» - 15-16
«4» - 12-14
«3» - 8-11
«2» - 0-7
жақсы әдіс екен. бағалау парағы вордта болса көруге бола ма?
Әрине болады Анар, тек кестелер кесте түрінде түспейді екен. Қалай түсіруге болады? Жоғарыдағынын бәрі кесте түрінде еді көшіріп қойғанда осылай болып түсіп тұр.