Математика және физика пәндер бірлестігінің «Білім берудің жаңашыл технологиялары»
атты апталығының жоспары
Мақсаты: білім алушыларға сабақта және сыныптан тыс қосымша білім бере отырып олардың білімге деген қызығушылықтарын арттырып, ізденімдері мен танымдарын қалыптастырып, өз беттерінше шығармашылық жұмыстарын ұйымдастыру қабілеттерін дамыту.
1 күн
1. Апталықтың ашылу жиыны
2. Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын дәріптеуді ұйымдастыру көрмесі
2 күн
1.«Квадрат үшмүше. Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» ашық сабағы
2.«Сан аралықтары» ашық сабағы
3. «Шахмат – ғажайып ойын» атты жарыс
3 күн
1. «Қысқаша көбейту формулалары» ашық сабағы
2. «Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу» ашық сабағы
3. «Сабақта жаңа педагогикалық технологияларды қолдану» атты дөңгелек стол
4 күн
1. «Бір айнымалысы бар сызықтық теңсіздіктер» ашық сабағы
2. «Физика қызықтары» интеллектуалдық ойыны
5 күн
1. «Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы» тақырыбында оқырмандар конференциясы
2.«Математика – білім жемісі, спорт – денсаулық жемісі» атты сайыс
6 күн
1. Сайыстар бойынша оқушыларды марапаттау
2. Әдістемелік кеңесте апталық жұмысын талдап, қорытындысын шығару
1-күн
Апталықтың ашылу жиыны І кезек пен ІІ кезек үшін жеке-жеке өткізілді. Жиында апталық жоспарымен, сайыс түрлерімен таныстырылды.
Оқушылардың шығармашылық жұмыстарын дәріптеуді ұйымдастыру көрмесі
Бағалау критерийлері:
Мазмұны мен идеясы;
Эстетикалық талғамы жоғары;
Қиындық дәрежесі;
Математикалық өлшемдердің дәлдігі(адекваттық);
Өзінділік пен дербестік;
Қойылған талаптарға сай.
Көрме сайысына – барлығы 28 түрлі жұмыстар қойылды. Көрмеге қолдан жасалған геометриялық модельдер, 4 тақырыпта берілген рефераттар қойылды. 12 оқушы геометриялық модельдер, 18 оқушы рефераттар,4 оқушы бүктеме қағаздар жасап тапсырды.
2-күн:
А) «Квадрат үшмүше.Квадрат үшмүшені көбейткіштерге жіктеу» атты 8’’А’’ сыныбында ашық сабақ өтті, пән мұғалімі А.О.Аменова. Сабақ Блум таксономиясы бойынша оқытудың жаңа тәсілдері қолданылып өткізілді.
Үй тапсырмасын бағалау
Топта постер құру
Ә) «Сан аралықтары» атты 6’’А’’ сыныбында ашық сабақ өтті, пән мұғалімі Г.Т.Таттымбетова.
Топтық жұмыс
Ашық сұрақтар қою сәті
Б) «Шахмат – ғажайып ойын» атты жарыс 5-11 сыныптар аралығында өткізілді. Барлығы 22 оқушы қатысты. Қыздар мен ұлдар арасында бөлек өткізілді. Бас төреші ҚР-ның чемпионы, облыс чемпионы 9 «Ә» сынып оқушысы Д.Үмітқалиев болды.
Ойын үстінде қызықты сәт
3-күн:
А) «Қысқаша көбейту формулалары » атты ашық сабағы өтті, пән мұғалімі Г.Н.Омарбекова. Сабақ үстінде
қатені табу
3-күн
«Ондық бөлшек. Ондық бөлшекті оқу және жазу» ашық сабағы
Ә) «Физика қызықтары» интеллектуалдық ойынын Қ.С.Смагулова
9-сыныптар аралығанда өткізді. Лабораториялық жұмыстар мен тәжірибелер көрсетілді
тәжірибе үстінде
топтың жұмысты қорғауы
5-күн:
А) «Ньютон заңдарының өмірдегі маңыздылығы» тақырыбындағы 7-11 сыныптар аралығанда өткен оқырмандар конференциясын К.К.Кенжебаева ұйымдастырды.
Ньютон шығармашылығы еңбектері жайлы
Ә) «Математика - білім жемісі, спорт – денсаулық жемісі» атты 5-10 сыныптар арасындағы жарысты А.О.Аменова, Г.Н.Омарбекова және Қ.С.Смагулова ұйымдастырды. «Жәутіков жастары» және «Жалын» атты командалар сайысқа түсті.
Термин құрастыру сәті
логикалық сұрақтарға жауап
топтық тәжірибе жасау сәті
логикалық сұрақтарға жауап беру
5-күн:
Сайыстар бойынша оқушыларды марапаттау
Математика және физика пәндерінің апталығы ауқымды түрде өткен. Өте қызықты, әсерлі,көрнекті іс-шаралар өткені көрініп тұр. Пән мұғалімдері көп ізденіп, әр істеріне шығармашылық ұмтылыспен қараған. Ұйымдастыру жұмысының өте мықты болғаны көзге ұрып тұр.
Апталықты ашу сәтін қандай түрде өткіздіңіз?
Апталықтың ашылуы екі кезектегі линейка түрінде өтті. Онда апталықтың жоспары, шаралардың мақсаты мен қойылатын талаптары туралы түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Апталықтың жоспары өз деңгейінде жасалыпты. Оны дәлелдемелерден айқын көруге болады. Бірақ, әріптестер, мені қызықтыратын мәселе мынау: осы өткізілетін апталықтарға басқа пән мұғалімдері мен іс-шараларға қатыспайтын оқушыларды қалай тартасыз? Көбінесе тек өткізетін пән мұғалімдері ғана әрі көрермен, әрі қызметте жүретін сияқты... Сіздер осыған келісесіздер ме?
Бізде апталыққа белсенді қатысқан оқушыларға рейтинг ұпай қосылып, әр айдың соңында ең жоғары ұпайлары бар оқушылар аталып, ал жыл соңында мектептің жыл оқушысы марапатталады. Рейтинг баллдары түрлі категориялар бойынша қойылады.
Сөзіңіздің жаны бар, мектебіміздегі әдістемелік кеңес басқа пән бірлестіктерінің мұғалімдерінің қатысуына талап қояды. Сабағы жоқ бос мұғалімдер бұл талапты орындайды.Мысалы, менің өткізген сабағыма 14 мұғалім қатысқан болатын. Ал оқушыларды қызықтыру мақсатында олардың еңбегін бағалайтындай бір мотивация ойлап табу керек деп есептеймін.
Апталық жүйелі жоспарланып, ауқымды түрде өткен. Оқушыларды қызықтыратын танымдық іс-шаралар көп болғаны көрініп тұр. Пән мұғалімдері көп ізденіп, әр істеріне шығармашылық ұмтылыспен қараған. Ұйымдастыру жұмысының өте мықты болғаны көзге ұрып тұр.
Ой бөліскендеріңіз үшін рахмет!
2012ж. апталық ашылуы
Әріптестерім жоғарыда айтқанымен келісемін: ұйымдастыруы өте жоғары деңгейде өткен екен
Пән апталығы өз мәнінде өткені өткізілген іс-шаралардан көрініп тұр. Әр пән мұғалімі топтық жұмысты ұйымдастырып, сынып оқушыларының қызығушылығы арттуда. Бұл бағдарламаның жүзеге асып жатқанын бірден-бір айғағы.
Пікірлеріңізге рахмет!