Қарағанды облысы білім беруді дамытудың оқу-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен "Таным" жобасы бойынша білім беру ұйымдары педагогтерінің "Біздің мүмкіндіктеріміз (функционалды сауатты мұғалім)" облыстық кәсіби шеберлік байқауының екінші кезеңі 5-6 қаңтар күндері болып өтті. Бұл кезеңге іріктеуден өткен 16 команда екі күн бойында 5 кезеңнен тұратын түрлі тапсырмалар бойынша сынға түсті. Атап айтқанда:
І. медиа және ақпараттық сауаттылық;
ІІ. оқушылармен әңгіме;
ІІІ. ата-анамен әңгіме;
ІV. әдістемелік бірлестік;
V. сыни жағдай.
Осы сайысқа қатысқан команда мүшесі ретінде, байқаудың бірінші кезеңінде де қызықты тапсырмалар орындалса, екінші кезеңі одан да қызықты, шығармашылыққа толы тартымды болып жоғары деңгейдегі ұйымдастырушылықпен өткендігін айтқым келеді. Байқаудың мұғалімдердің кәсіби шеберліктерін шыңдауда, білім беру саясатын қалыптастыруда маңызы зор болды.
Бізге де ұнады. Тапсырмалар қызықты және ұйымдастыру жолдары жақсы дәрежеде өтті. 5 секциядан жинаған ұпайымыздың нәтижесінде 3-ші кезеңге өттік! 👏
Құттықтаймын! 3-ші кезеңде екі жаққа да жеңіс пен сәттілік тілеймін.
Сіздерге де сәттілік!
Сайыста топ жарып ,жеңіске жетулеріңізге тілектеспін!
РахметІ