kz ru en

Авторизация


Химия.9-сынып

ДБМ «Дарын» мектеп-интернатының химия пәні мұғалімі Жумагулова Г.С.

        Пән мұғалімі

Пәні

Сабақтың тақырыбы

Сыныбы

Күні

Жумагулова Г.С.

Химия

Көміртегі және оның қасиеттері

           9 (31А)

09.12.2013 ж.

Сілтеме

1.Қазақстан ұлттық энциклопедиясы. 2. Қазақ совет энциклопедиясы. 3. Нұрахметов Н., Сарманова К., Жексембина К. 4. Фельдман Ф.Г., Рудзитис Г.Е. Жалпы химия.

5. Интернет көзінен мәлімет.

Жалпы мақсаттары

·         Білімділік: көміртек мысалында атом құрылысы мен аллотропиясын қарастыру және салыстыру. Көміртектің өндірісте, зертханада, медицинада қолданылуына тоқталу. Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттерін меңгеру.

·         Дамытушы: оқушылардың құзыреттілігін қалыптастыру мақсатында алған теориялық мәліметтерін салыстыра алуға және анализ жасай алу жолдарын дамыту, оны практикада қолдануы мен  қорытынды жасай алуға үйрету. Логикалық ойлау қабілеттерін дамыту.

·         Тәрбиелік: оқушылардың жаратылыстану-ғылыми дүниетанымын, ақпараттық мәдениетін қалыптастыру.

Күтілетін нәтижесі

Көміртегі тақырыбының жан-жақты теориялық және өмірмен байланысты мәліметтерді қарастыра отырып, топта пікірлесуге, сыни тұрғыдан ойлай білуге, пікірін айта білуге, интерактивті тақтамен жұмыс жасай білуге, жұппен жұмыс жасай білуге, өзін-өзі бағалауға, өзгені тыңдай білуге үйренеді.

Негізгі идеялар

Көміртегі тақырыбы бойынша ақпаратты жинақтай отырып, оның маңыздылығын және оны өмірде қолданылуын ұғыну.

Тапсырмалар

 

1- әрекет. «Еске түсірейік!» атымен үй тапсырмасын тексеру. Берілген 9 cұраққа «+», «-» түрінде жауап беру, Блум таксономиясы негізінде тапсырманы орындау (жеке жұмыс).

2-  әрекет. «Ой қозғау» стратегиясы. 3 топқа тапсырмалар беру:

1-топ: СО3 2- сапалық реакциясын анықтау.

2-топ: Мұнайға сипаттама беру.

3-топ: Активтелген көмір бойынша түсінік беру.

Мақсатты айқындау (топтық жұмыс, топты топ бағалауы).

3- әрекет. «Теория әлеміне саяхат» таблицаны толтыру (Постер құру арқылы топтық жұмыс жасау, топты топ бағалауы).

Ақпараттық құзыреттілікке бағытталған тапсырмалар (жоспарлау және ақпаратты іздестіру аспектісі).

Тапсырма: Берілген таблицаны қосымша мәліметтерді жинақтай отырып толтырыңыздар.

3 топқа теориялық тапсырма үлестіріледі:

1-топ: Көміртектің атом құрылысы мен аллотропиялық түр өзгерісі;

2-топ: Көміртектің физикалық және химиялық қасиеттері;

3-топ: Көміртектің алынуы мен қолданылуы, табиғаттағы айналымы (топтық жұмыс, топты топ бағалауы).

Сергіту сәті (Ой жинақтау үшін бастарына кітап қойып қозғалу).

4- әрекет. «Миға шабуыл» Блум таксономиясы бойынша құрылған тапсырмалар орындау (жеке, жұптық жұмыс).

5- әрекет. Кері байланыс. Рефлексия.

Үй жұмысы

1.§22-24. Көміртек тақырыбын оқу, параграф соңындағы жаттығулар орындау: А,В.С деңгей.  2.Эссе жазып келу 150 сөз.

 

Мұғалімнің жазбасы

1
5

Комментарии (1)

Ермекова Гульнара,
Преподаватель

Күлжан, сәлемет пе? Сен ең белсенді жұмыс істеп жатқан адамдардың бірісің. Жұмысың сәтті болсын, Блум таксономиясының барлық сатыларын қамтып жатырсың ба? маған бағалау бойынша тапсырма құрастыру қиын болып тұр