kz ru en

Авторизация


Білім беру мен дамыту технологиялары негізіндегі тәрбие беру құзіреттіліктері, жалпы түсінік

Білім беру мен дамыту технологиялары негізіндегі тәрбие беру құзіреттіліктері:

Мағыналы құзіреттілік

Өзінің мүмкіндігі мен қабілетін бағалай алады, одан әрі білім алуды дамыту үшін ішкі мотивациясының қалыптасуы, болшағы үшін жеке тұлға ретінде қалыптасуының қажеттілігін түсіну, денсаулық, отбасы мен қызықтыратын жұмысты таңдау жолын анықтау. Мамандық таңдауда көптеген оқушылар белгілі бір мамандық саласына қызығушылығы айқындалады.

Жалпы мәдениеттілік құзыреттілік

Азаматтық, интеллектуалды, жалпы мәдениеттілікке бағытталған жағдайларын қалыптастыру. Қоршаған ортада жақсы өмір сүруге ынталылығы.

Оқу-танымдық құзыреттілік

Өзінің қызметін өз бетімен жоспарлай алуы. Өзіндік білім алуы, қызметті таңдауда белсенділігі, өз бетімен білім алуына ұмтылуы. Ғылыми – зерттеу жұмыстарына қатысу барысында өзінің білім алуына дұрыс жол таңдай алуы.

Ақпараттық құзыреттілік

Нақты нысандар арқылы (телевизор, компьютер, т.б.) және басқа ақпараттық технологиялар көмегімен (аудио- и видеотаспа, электронды пошта, БАҚ, Интернет) өз бетімен қажетті ақпараттарды іздеу, сралау, қажетті мәліметтерді жинақтау.

Коммуникативтік құзыреттілік

Коллективте жұмыс жасай алады, өмір сүреді, әлеуметтік рольдер жөнінде түсінігі бар (лидер-ұйымдастырушы, лидер — генератор, орындаушы, көрермен).

Келеңсіз жағдайлардан шыға алуы, коммуникацияның әлеуметтік – мәдени нысандарымен жұмыс жасай алуына қабілеттілігі (дұрыс сұрақ қоюы, өзін таныстыруы, анықтама жаза алуы, т.б.).

 

0
3

Комментарии (0)