kz ru en

Авторизация


Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтардың тиімділігі

Сабақтың тиімділігіне сәйкес критерийлерді ескеретін сабақтың құрылымы мен өзіндік сараптаудан тұрады.

ҚҚБС қойылатын талаптар:

1. Анықталмаған жағдайды туғызу, таңдау мүмкіндік беретін оқытудың формасы мен технологиясын өзгерту.

2. Оқу материялы проблемалық жағдаймен ерекшеленеді.

3.  Оқушыға әлеуметтік тәжірибеден алынатын, өмірдегі маңызды жағдай туғызу.

4.  Жаңа дидактикалық материалдарды қолдану,  шындыққа келетіндей стандарттан тыс тапсырмалар мен жағдайлар туғызу.

5.  Оқу қызметі зерттеушілік және практикалық – бағытты сипатта болу.

6.  Оқушылардың   қабілетін  ескере отырып, практикум, оқу жобалары мен іс – шаралар ұйымдастыру.

7. Оқушылардың өз бетімен ізденуін жағдай жасау.

8.  Оқушы  білім алу кезінде белсенді ұйымдастырушы, қатысушы болуына жол беру.

9. Қоршаған  орта социумымен тығыз байланысты мектептің ашық үлгідегі жүйесін қамту керек.

10. Оқу қызметінде оқушылар өзіндік бағалауды жүзеге асырады.
тег: КОУ
2
8

Комментарии (2)

Кубекова Куралай,
Преподаватель

Қазіргі білім беру жүйесінің ерекшелігі- құзыреттілік, яғни шәкірттеріміздің қандай да бір іс-әрекетке құзыреттілігін қалыптастыру, дамыту, арттыру. Біз оқушының білімін, біліктілігін, дағдысын бағалаудан гөрі оның құзыреттілік қасиетінің қалыптасуын бағалауымыз керек. Оқушының құзыреттілігін дамытуда педагогикалық технологиялар мен бағалау жүйесінің алатын орны зор деп білемін. 

Жумагулова Кулжан,
Преподаватель

Өзіңіздің пікіріңізді айтқаныңызға рахмет. Құзыреттілікті қалыптастыруға бағытталған сабақтарды ұйымдастыруда оқушының өзіндік жұмысы, арнайы проблеманы анықтай отырып, өз бетімен ізденуі және жасаған жұмысына өзіндік бағалауы маңызды. Сондай-ақ алған білімін өмірде қолдана алуына мүмкіндік беру қажет. Ол үшін мұғалім дұрыс бағыт-бағдар беруі абзал.