kz ru en

Авторизация


Онлайн шеберлік сағаты "Металдар. 9-сынып"

Пән: химия

Химия пәні мұғалімдері: Г.С. Жумагулова, Е.А.Францен.

Сынып: 9 (31, 33- топ)

Өткізілетін уақыты: 14.03.2014 ж.

Сабақтың тақырыбы: «Металдар» тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың типі: Өтілген материалдарды қорытындылау.

Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, жаппай оқыту.

Оқытудың әдістері мен формалары:

·                    Топтағы оқушылардың өтілген тақырыпты қорытындылау мақсатында реактивтерді қолдана отырып, эксперимент жүргізу арқылы өзіндік жұмысты орындауы;

·                    Әр түрлі саладағы (аймақтағы металлургия, космос, тағам өнеркәсібі) әртүрлі металдар ерекшеліктерінің сипаттамалары;

·                    Стандарт талаптарынан тыс химиялық есептер шығару.

Қолданылған технологиялар: ақпараттық-коммуникативтік, құзыреттілік-бағытталған, сын тұрғысынан дамыту технологиясы.

Мақсаты: Оқушыларға «Металдар» тақырыбын оқу барысында алынған білімнің өмірде қажеттілігін түсінуге жағдай жасау.

Міндеттер:

·                    Білімділік: «Металдар» тақырыбы бойынша алған білімдерін меңгеруге жағдай жасау, металдар мен олардың қолдану аясындағы білімдерін байыту және кеңейту, қарастырылмаған металдар қасиеттерінің адам ағзасына әсерінің ерекшеліктерін қарастыру.

·                    Дамытушы: Металдар қасиетін зерттеу және оларды қолдану мақсатында әртүрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасауына оқушылардың икемділігі мен дағдысын дамытуға жағдай жасау; құзыреттілікке бағытталған тапсырмаларды орындау; оқушылардың зияткерлік қабілеттерін, өзіндік білім алуын дамыту;  топта жұмыс жасай алуды ұйымдастыру, білім алуға деген қызығушылығын арттыру.

·                    Тәрбиелік: оқушылардың коммуникативтік сапасын қалыптастыруға, қарым-қатынас орнатуға мүмкіндік беру, топтың жетістіктері  үшін жауапкершілікті сезіну және бір-біріне деген сыйластыққа тәрбиелеу.

Күтілетін нәтижелер:

Пәндік құзыреттілік: теориялық алған білімдерін практикалық тапсырмалар орындауда қолдана білу және алынған нәтижелерді негіздей отырып, ұсынылған ақпараттардан металдар тақырыбын әртүрлі салада қолданылуы жөнінде мәліметтер табу.

Құнды-мағыналық құзыреттілік: өз қабілеттері мен мүмкіндіктерін баламалы түрде бағалай алу, алған білімдерін одан әрі білім алу жолына қолдану мақсатында ішкі мотивациясын қалыптастыра алу, болашақта өз орнын табуға және одан әрі білімдерінің шыңдалу қажеттілігін түсіну. 

Ақпараттық құзыреттілік: қосымша ақпарат көздерімен жұмыс жасай білу, өз бетімен ізденуге, қажетті ақпараттарды сараптау және таңдай алу.

Коммуникативтік құзыреттілік: топта жұмыс жасай білу, басқа оқушылармен қарым-қатынас пен өзара ынтымақтастықта бірлесе отырып, көздеген мақсатқа жету, қойылған міндеттерге ортақ шешім табу, орынды әрі дұрыс сұрақ қоя білу, мини-жобаны ұсыну және оны қорғай білу.

Өзіндік менеджмент құзыреттілігі: проблемалық сұрақтарды шеше білу, тапсырмалардың күрделілігіне қарай саналы таңдау жасай білу.

Сабақтың дидактикалық қамтамасыз ету құралдары:

Құрал-жабдықтар: интерактивті тақта, таныстырылым, оқушыларға ноутбук, қосымша әдебиеттер, халат, бағалау парақтары.

Химиялық реактивтер: тұздар, қышқылдар, негіздер ерітінділері.

Сабақтың тақырыбына сәйкес таратпа материалдар: бағалау парағы, тапсырмалар.

 

 

0
5

Комментарии (0)