kz ru en

Авторизация


Ашық сабақ "Алкендер тақырыбын қорытындылау"

Сынып: 31А

Күні: 08.04.14ж.      

Құрастырды: Жумагулова Г.С.

Сабақтың тақырыбы: Алкендер тақырыбын қорытындылау.

Сабақтың типі: бекіту – жүйелеу сабағы.

Сабақты ұйымдастыру формаларының түрі: топтық, жаппай оқыту.

Қолданылған технологиялар: дамыта оқыту, проблемалық, ақпараттық-коммуникативтік, зерттеушілік-әдістемелік, денсаулықсақтау, АКТ технологиялары.

Сабақтың мақсаты: Сабақ соңында оқушылар қанықпаған көмірсутектер жөнінде қосымша мәліметтерді біліп, олардың өмірдегі қолданысын ұғынады.

Сабақтың міндеттері:

*білімділік- алкендердің қасиеттерін қарастыра отырып,өмірдегі қолданысын ұғыну.

*дамытушы- оқушылардың зияткерлік ойлау қабілетерінің (талдауы, салыстыруы, себеп-салдарлы байланыс жасай алуы) дамуына мүмкіндік беру.

*тәрбиелік- оқушылардың ойлау қабілеттері мен коммуникативтік дағдыларын: басқа адамның ойын тыңдау, өзінің көзқарасын дәлеледей алуын қалыптастыру.

Оқытудың әдістемелік өлшемі: ҚҚБТ құрастыру, логикалық сұрақтарға жауап, зерттеушілік, өзіндік жұмыс.

Құрал-жабдықтар: АКТ жабдықтары, эксперименттік есептер шығаруға қажетті химиялық ыдыстар мен реактивтер, карточкалар, бағалау парақтары.

Күтілетін нәтижелер:

·         Пәндік құзыреттілік:

а) жаңа химиялық терминдермен танысу: гибридтелу, гидрлену, гидратациялану, крекинг;

ә) алкендердің құрылысына сипаттама бере алу;

б) көмірсутек қосылыстары арқылы бір-бірінен алыну жолдарын қарастыру;

в) көмірсутек қосылыстарының өмірде маңыздылығын түсіну;

·          Ақпараттық құзыреттілік:

-берілген түрлі ақпарат көздерімен жұмыс жасай алуы: мәтін, кесте, суреттер мен таныстырылым материалдары;

-тәжірибе арқылы көмірсутек қосылыстарының себеп-салдарлы байланыстарын айқындай алу;

·         Коммуникативтік құзыреттілік

-өзіндік жұмыстарды топта, жұпта немесе жеке түрде орындай алады, бір-бірімен ынтымақтастық қарым-қатынаста жұмыс жасай алады, алға қойылған мақсаттарды бірлесе отырып шешеді;

-көпшілік алдында өз ойын еркін айтады, алған мәліметтер арқылы нақты бір шешім қабылдауға тырысады;

-бір-біріне дұрыс әрі жинақы сұрақ қояды, бір-бірлерінің айтылған ойларымен келісе отырып, бір шешімге келеді;

·           Басқарушылық құзыреттілік.

- топта оқушылар өздерінің атқаратын қызметін жүйелеп, басқа оқушылардың жұмыс жасауын ұйымдастырады, оқушы өзінің қызметін басқару арқылы тәсіл қолдана алады;

·            Жеке құзыреттілік.

      - өзін-өзі басқарудағы қабілеттілігінің айқындалуы;

      - толеранттылығы;

      - өмірлік және кәсіби орнын өзіндік айқындай алуы;

·           Технологиялық құзыреттілік.

- АКТ құралдарын тиімді пайдалана алуы;

 

0
0

Комментарии (0)