“Дарынды-таланттылар”
атты тақырыпта өткізілген коучингқа рефлексия 17.04.2014 ж.
Коучинг басында әріптестерге сергіту сәтін ұйымдастырдық. Әріптестердің
көңіл-күйлері көтеріңкі, коучингке белсенді түрде қатысуға ынталары бар екенін
байқадық. Менің әріптесім Айкен екеуіміз жоспарланған коучинг тақырыбын бастап
кеттік. Ең алдымен МАН 3-деңгедегі талантты дарындылар тақырыбына байланысты
оқу құралдарымен жұмыс жасайтынымызды ескерттік. Ол үшін әріптестерімізді топқа
бөліп, топ жетекшісін сайлау қажет болды. Орындық артына смайлик жапсырып, сол
смайлик жапсырылған әріптес топ жетекшісі болатынын хабарладық. 6 топ құрылып,
сол топтарға МАН теориялық мәліметтерді оқуға 10 мин бердік.
Әріптестерге берілген теориялық мәліметтермен
танысып болған соң, Венн диаграммасы ұсынылды. Венн диаграммасына талантты және
дарындылық қабілеттің ұқсастығы мен айырмашылығын бөліп қарастыру ұсынылды. Осы
жұмыс орындалып болысымен келесі кезең – РАФТ парағы таратылды. Ол роль,
аудитория, формат, тақырып реттілігінен тұрды. Әр топ еркін формада өздері осы
реттілікке сәйкес тақырып бойынша жұмыс жасай бастады. Әріптестер бұл
стратегиямен таныс емес екені байқалды, өйткені РАФТ түсінуге біраз уақыт
кетті. Топ ішінен әншілер, әкәмдер, дәрігер, т.б. топтар анықтала бастады.
Уақыт аяқталысымен әр топта тек топ жетекшісі ғана қалып, қалған әріптестер
топтардың құрастырған Постерлерімен таныса бастады.
Топтардың ішінде бір топты атап өткім келеді, бұл
топ өздеріне берілген тапсырманы ұзақ уақыт жасады және сайланған топ
көшбасшысы ешқандай топқа қарамай өз жұмысын асықпай орындауға кірісті. Біз осы
коучингты жүргізуші ретінде уақыт аяқталғандығы жөнінде белгі берсек те, оған
ешқандай мән бермеді. Осы жағдайдан қалай шығу керек деген ой келді. Дегенмен,
басқа 5 топпен жұмыс жүргізу керек. Біз Айкен екеуіміз жоспар бойынша одан әрі
коучингты жүргізуді жалғастырдық. Топтағы әріптестерге топ жетекшісі қалып,
басқа әріптестердің белгілі реттілік бойынша басқа топ жұмысымен танысу керек
деген тапсырма бердік, ал әріптестер ол жүйелілікке бағынбай барлығы жиналып
бір топқа, кейін келесі топқа барып, шашыранды жұмыс жасады. Осы әрекеттердің
әрекетінен байқалғаны, топтың әлі бірлесе жұмыс жасауға қалыптаспағаны деген ой
туындады. Әр топ өздерінің Постерлерін қорғап, ерекшеленген топ анықталғаннан
кейін ғана бастапқы кездегі уақытқа бағынбаған топтың жұмысы аяқталғанын
байқадық. Топ жетекшісі өздерінің Постерлерін қорғамағанын айтып, басқа
топтардың тыңдағанын қалады. Бірақ біз осы топтың осындай әрекетінің дұрыс емес
екенін айтып, уақытпен жұмыс жасау керектігін ескерттік.
Топ ішінде үздік атанған топ Автор орындығына орналасып, өздерінің
Постерлерін тағы бір қайталап өтті. Әріптестердің топтық жұмыс орындауы
барысында өте өнерлі, жан-жақты екенін байқадық.
Келесі кезеңде әр топқа өздерінің орындаған жұмыстары бойынша
өздерін-өздері бағалау ұсынылды. Бағалау кезінде өздерін жоғары бағалаған
топтар кездесті, соның ішінде арнайы критерий құрып, сол критерий бойынша
бағалаған топтар да болды.
Топтық жұмыс аяқталысымен «Талантты және дарынды
бала деген кім?» және «Қазақтың дарындылары мен таланттылары» слайды
көрсетілді. Кейін коучингты қорытындылап, рефлексия жасалды. Коучинг жүргізу
барысында әріптестердің осы тақырып бойынша жан-жақты мәлімет алып, осы
теориялық алған білімдерін болашақта практикада тиімді пайдаланады деген ой
туындады.
Кулжан,желаю Вам и Вашей коллеге Айкен,удачи в работе! Пусть не будут на ваших коучингах отрицательные "герои", будут только талантливые,одарённые и дисциплинированные!Удачи!
Сізге көп рахмет! Еңбегіңіз жемісті болсын, алға қойған мақсаттарыңыз орындалсын. Жас ұрпақты тәрбиелеу жолында еңбек етіп, әріптестермен шығармашылық жұмыстарды ұйымдастыра берейік.