kz ru en

Авторизация


Участвует в обсуждении


Элементы 101—111 из 111.

Махажанова Айзат,
Преподаватель

Құрметті әріптестер! Практикаларыңызды қалай бастадыңыздар? Біз бірінші күні мектеп әкімшілігімен кездесіп, сұхбаттастық. Бізге әр аптаның сейсенбі күні 12.30-14.00 аралығын коучингтарымызды өткізуге босатып берді. Осы көмектері үшін мектеп әкімшілігіне үлкен рахметімізді айтамыз. Екінші күні мектеп мұғалімдерімен кездесіп, сауалнама алдық. Бір-бірімізбен хабарласып, көмектесіп отырайық.


23

Авдрасол Бахытжан,
Преподаватель

Желілік қауымдастықты күшейту мақсатында Қызыл қой ауылына барып тәлім алушы ұстаздар коучинг өткізді. Қауымдастыққа қатысқан әріптестеріммен сол мектептің директоры Салтанат апайға, коучинг өткізген ұстаздарыма алғысым шексіз! Алдағы  жұмыстарыңызға табыс тілеймін!  


19

Ермекова Гульнара,
Преподаватель

мектепте Lesson Study жұмысын бастайын деп отырмыз. Бірақ, 2-3 цикл өткізген соң қызығушылық жоғалып, өшіп қалмаймыз ба деп қорқамын. түпкі  нәтижеміз не болады. Өткізгендер ой бөліссе екен деймін


22

Жумагулова Кулжан,
Преподаватель

Мектептегі практика кезінде біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Коучинг, тізбектелген сабақтар топтамасы, Lesson Study зерттеу сабағы, шеберлік класы,сауалнама алу, сұхбат, т.б. Жұмыстың шегі жоқ тәрізді. Тестке дайындалу керек, бірақ бірінен кейін бірі шыға беретін шексіз есептерден арыла алмайсың. Мен практика соңындағы өзіме-өзім жасап отырған рефлексиям бұл. Сіздер қалай ойлайсыздар? 


24

Жумагулова Кулжан,
Преподаватель

Бүгін №57 мектепте 1-деңгей 3- қазақ тобының мұғалімдері желілік қоғамдастықта біріктік. Кездесу мақсаты: Мектеп тәжірибесіндегі іс-шаралар жөнінде ой бөлісу. Біз өзіміздің  ұйымдастырған жұмыстарымыз жөнінде пікір алмасып, рефлексия жүргіздік.


21

Авдрасол Бахытжан,
Преподаватель

Тәлімгер ретінде тренерді қалыптастыру үдерісі білім беру тәжірибесін жақсарту мақсатында жүзеге асырылады.Тәлімгерлік ету барысында тәлімгер өзінің білімімен,  тәжірибесімен бөліседі.Тәлім алушыға шынайы мақсат қоюға және оған жету жолдарын жоспарлауға көмектеседі. Бізге берілген аз уақыт ішінде тәлім алушы жас маман  белгілі бір жетістікке жетпесе бұл қиындықтан қалай шығуға болады? 


3

Балапанова Кундыз,
Преподаватель

Қазіргі кезде дарынды және талантты балаларды оқыту өзекті мәселеге айналды. Бұл ерекше шығармашылық қабілеті дамыған балаларға қоғам қажеттілігі туындағанымен байланысты. Дарынды және талантты балаларды жастай анықтау, оқыту және тәрбиелеу білім беру жүйесінде басты мәселенің бірі. Пікірлер бойынша, дарынды балалар ересек адамдардың көмегін, әсіресе басшылығын мұқтаж етпейді. Алайда жеке тұлға қасиеттеріне байланысты мұндай балалар өздерінің іс-әрекетінің бағалауына ерекше сезімтал болып кел...


8
 ‹ Предыдущая 1 2 3 4 5 6 Следующая ›